Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13 мыңға жақындап келеді

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 165 адам анықталды. Өсім 1,3% құрады.
Инфекция жұқтырудың жағдайларының көбі Нұр-Сұлтан (+24) және Алматы (+32) қалаларында тіркелген. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Республика бойынша COVID-19 диагнозы қойылған науқастар саны 12859-ға жетті.
Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 2478(+24)
Алматы қаласы – 2882(+32)
Шымкент қаласы – 956(+14)
Ақмола облысы – 176(+1)
Ақтөбе облысы – 401
Алматы облысы – 441(+15)
Атырау облысы – 1213(+11)
Шығыс Қазақстан облысы – 190(+5)
Жамбыл облысы – 430(+7)
Батыс Қазақстан облысы – 818(+13)
Қарағанды облысы – 1147(+18)
Қостанай облысы – 202(+2)
Қызылорда облысы – 465(+4)
Маңғыстау облысы – 328(+3)
Павлодар облысы – 268(+11)
Солтүстік Қазақстан облысы – 64
Түркістан облысы – 400(+5)
7376 адам аурудан толықтай жазылып шықса, 56 адам қайтыс болды.
Сонымен қатар, өткен тәулікте елімізде статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 313 тасымалдаушы тіркелді. Қазақстан бойынша олардың жалпы саны – 1357 адам.
Фото: tengrinews.kz