Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны 7 мыңнан асты

Республикада өткен тәулікте 265 адамнан коронавирус анықталды. Өсім 3,8% құрады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 7234 адам.
Аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 1403(+84)
Алматы қаласы – 1966(+57)
Шымкент қаласы – 508(+23)
Ақмола облысы – 135(+1)
Ақтөбе облысы – 233(+2)
Алматы облысы – 238(+19)
Атырау облысы – 816(+24)
Шығыс Қазақстан облысы – 59(+1)
Жамбыл облысы – 222(+5)
Батыс Қазақстан облысы – 352(+13)
Қарағанды облысы – 300(+13)
Қостанай облысы – 110
Қызылорда облысы – 266(+11)
Маңғыстау облысы – 164(+1)
Павлодар облысы – 176(+9)
Солтүстік Қазақстан облысы – 39
Түркістан облысы – 247(+2)
Жазылып шыққандар: 3734 адам инфекциядан толықтай жазылып шықса, 35 науқас қайтыс болған.
Фото: novostipmr.com