Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6751-ге жетті

Қазақстанда осы сағаттағы эпидемиологиялық жағдай бойынша тағы 311 адамнан COVID-19 анықталды. Әсіресе Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал алаңдатарлық: бірден 142 жағдай расталды. Сондай-ақ:
Нұр-Сұлтан қаласында – 36
Шымкент қаласында – 31
Алматы қаласында – 24
Қостанай облысында – 19
Түркістан облысында – 18
Қарағанды облысында– 13
Ақмола облысында – 8
Батыс Қазақстан облысында– 6
Қызылорда облысында – 4
Алматы, Жамбыл облыстарында – 3 адамнан,
Павлодар облыстарында – 2
Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1 адамнан қатерлі індет анықталды.
Осылайша, өткен тәулікте аймақтар бойынша коронавирусты жұқтыру өсімі 4,8% құрады.
Індет жұқтырғандар саны бойынша Алматы қаласы алда тұр. Мұнда 1872 адамда коронавирус расталды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша -1287 науқас COVID-19 індетіне шалдыққан.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы сағатта аймақтардағы инфекция жұқтыру жағдайлары:
Атырау облысы – 769
Шымкент қаласы – 435
Батыс Қазақстан облысы – 329
Қарағанды облысы – 263
Қызылорда облысы – 250
Түркістан облысы – 240
Ақтөбе облысы – 228
Жамбыл облысы – 208
Алматы облысы – 212
Павлодар облысы – 167
Маңғыстау облысы – 162
Ақмола облысы – 134
Қостанай облысы – 98
Шығыс Қазақстан облысы – 58
Солтүстік Қазақстан облысы – 39
Жалпы 6751 науқас тіркелді.
Жазылып шыққандар саны – 3469. 35 адам індеттен көз жұмды.
Фото: coronavirus2020.kz