Денсаулық
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 5571-ге жетті

Өткен тәулікте 154 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Оның ішінде 50 науқас бірден Алматыда, 30 – Нұр-Сұлтанда, 25- Атырау облысында, қалғаны әртүрлі аймақтарда анықталып отыр. Осылайша, өсім 2,8% құрады. Ал аймақтар бойынша эпидемиологиялық ахуал төмендегідей:
Алматы - 1678,
Нұр-Сұлтан - 1148,
Атырау облысы- 457,
БҚО - 272,
Шымкент - 250,
Қызылорда облысы - 231,
Қарағанды облысы - 204,
Жамбыл облысы - 199,
Түркістан облысы - 196,
Алматы облысы - 190,
Ақтөбе облысы - 184,
Павлодар облысы - 155,
Маңғыстау облысы -138,
Ақмола облысы - 110,
Қостанай облысы - 68,
ШҚО - 55,
СҚО - 36.
Сондай-ақ қатерлі індеттен сауыққандар саны артып келеді. Бүгінгі күні олардың саны - 2408.
32 адам коронавирустан көз жұмды.
Фото: coronavirus2020.kz