Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 5417-ге жетті

Қазақстанда осы сағаттағы эпидемиологиялық жағдай бойынша тағы 138 адамнан COVID-19 анықталды. Атырау облысында эпидемиологиялық жағдай күрделеніп келеді. Аймақта бірден 92 дерек расталды. Бұдан бөлек Нұр-Сұлтан қаласы - 15, Батыс Қазақстан облысы - 11, Алматы қаласы мен Жамбыл облысында – 6 адамнан, Түркістан облысы - 4, Қарағанды облысы - 3, Шығыс Қазақстан облысы - 1.
Елімізде коронавирус дерегі ең көп расталған Алматы қаласы болып тұр. Мұнда 1628 адам қауіпті індетке шалдыққан.
Жалпы осы сағатта
Нұр-Сұлтан қаласы – 1118
Атырау облысы – 432
Батыс Қазақстан облысы – 266
Шымкент қаласы – 245
Қызылорда облысы – 231
Қарағанды облысы – 200
Жамбыл облысы – 198
Түркістан облысы – 190
Алматы облысы – 183
Ақтөбе облысы – 176
Павлодар облысы – 154
Ақмола облысы – 110
Маңғыстау облысы – 130
Шығыс Қазақстан облысы – 52
Қостанай облысы – 68
Солтүстік Қазақстан облысы – 36, жалпы 5417 адамда коронавирус дерегі расталды.
Сауығып кеткендер – 2223, қайтыс болғандар – 32 адам.
Фото: dw.com