Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайларының саны – 4298

Бүгін Шымкент қаласы, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында инфекция жұқтырғандар анықталды. Ал Атырау облысы Теңіз кенішіндегі эпидемилогиялық ахуалдың қолайсыздығына байланысты онда өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен 14 күндік карантин енгізілді.
Республика аймақтарында COVID-19 таралуы бойынша ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 754
Алматы қаласы – 1392
Шымкент қаласы – 222
Ақмола облысы – 101
Ақтөбе облысы – 168
Алматы облысы – 163
Атырау облысы – 226
Шығыс Қазақстан облысы – 30
Жамбыл облысы – 162
Батыс Қазақстан облысы – 208
Қарағанды облысы – 169
Қостанай облысы – 54
Қызылорда облысы – 222
Маңғыстау облысы – 90
Павлодар облысы – 152
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 155
1299 қазақстандық аурудан айығып шықты, 30 адам қайтыс болды.
Фото: rbc.ru