Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 4121 жетті

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 72 жағдай тіркелді. Елорда мен Алматы қаласында бірден 17 адамнан расталса, Түркістан облысында -11, Маңғыстау облысында – 10, Атырау облысы - 9, Батыс Қазақстан облысы - 4, Қызылорда облысы - 2, Шымкент қаласында – 2 коронавирус жұқтыру дерегі анықталды. Қазақстан бойынша КВИ жұқтырғандардың жалпы саны 4121-ге жетті. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласы – 723
Алматы қаласы – 1335
Шымкент қаласы – 215
Ақмола облысы – 101
Ақтөбе облысы – 160
Алматы облысы – 156
Атырау облысы – 202
Шығыс Қазақстан облысы – 30
Жамбыл облысы – 158
Батыс Қазақстан облысы – 198
Қарағанды облысы – 159
Қостанай облысы – 50
Қызылорда облысы – 216
Маңғыстау облысы – 84
Павлодар облысы – 150
Солтүстік Қазақстан облысы – 30
Түркістан облысы – 154
1173 адам індетті жеңіп шықты. 29 науқас коронавирус індетінің құрбаны болды.
Фото: 1maps.ru