Денсаулық
Қазақстанда 428 адам коронавирустан жазылып шықты

Елімізде індетті жеңіп шыққандар қатары артып келеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда короновирус инфекциясынан жалпы 428 науқас сауығып шыққан. Жазылып шыққандардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан қаласында ем алғандар. Мұнда 180 адам аурудан айыққан. Алматыда вирустан емделгендердің саны 88-ге жеткен. Сондай-ақ:
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Қызылорда облысы – 25
Шымкент қаласы – 12
Атырау облысы – 21
Ақмола облысы – 18
Қарағанды облысы – 13
Түркістан облысы – 13
Ақтөбе облысы – 9
Алматы облысы – 9
Жамбыл облысы – 6
Шығыс Қазақстан облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Қостанай облысы – 1
Павлодар облысында – 1 адам емделіп, шыққан.
Айта кетейік, елімізде COVID-19-дың 1757 дерегі расталған.19 адам коронвирустан қайтыс болды.
Фото: rg.ru