Денсаулық
Қазақстанда 285 адам коронавирустан жазылып шықты

Елімізде тағы 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Мәліметке сәйкес, Қызылорда облысында - 7, Түркістан облысында - 1 адам сауығып шыққан. Осылайша, жазылғандар саны 285-ке жетті.
Жалпы, ел бойынша бүгінде 1480 адамда COVID-19 диагнозы қуатталған. 17 қазақстандық аурудан көз жұмды.
Фото: assembly.kz