Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирустан 50 науқас сауығып шықты

Елімізде қатерлі дертке шалдығудың тағы 15 жағдайы расталды. Оның ішінде Қарағанды облысы – 7, Жамбыл облысы – 5, Қостанай облысы – 2, Шымкент қаласы бойынша 1 дерек тіркелді. Жалпы республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 685-ке жетті. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Осы сағаттағы статистика төмендегідей:
Нұр-Сұлтан қаласы – 222
Алматы қаласы – 119
Қарағанды облысы – 55
Қызылорда облысы – 54
Жамбыл облысы – 45
Ақмола облысы – 42
Түркістан облысы – 33
Атырау облысы – 32
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Шымкент қаласы – 20
Ақтөбе облысы – 11
Алматы облысы – 10
Шығыс Қазақстан облысы – 6
Маңғыстау облысы – 5
Қостанай облысы – 3
Батыс Қазақстан облысы – 2
Павлодар облысы – 1.
Бүгінгі таңда қатерлі індеттен 50 науқас сауығып шыққан. 6 адам қайтыс болды.
Фото: liter.kz