Қазақстанда коронавирус құрбандарының саны үшеуге жетті

Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 1 адам көз жұмып,індет құрбандарының саны үшеуге жетті.
Үшінші өлім Қарағанды облысында тіркеліп отыр, деп хабарланды coronavirus2020 сайтында. Қазіргі уақытта республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 363-ке жеткен.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 184 адам,
Алматы қаласында – 84 адам,
Қарағанды облысында – 14 адам,
Ақмола облысында – 16 адам,
Атырау облысы – 16 адам,
Жамбыл облысында -3 адам,
Шымкент қаласында – 3 адам,
Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам,
Алматы облысында – 8 адам,
Ақтөбе облысында – 3 адам,
Солтүстік Қазақстан облысында – 3 адам,
Павлодар облысында – 1 адам,
Маңғыстау облысында – 1 адам,
Қызылорда облысында – 18 адам,
Батыс Қазақстан облысында – 2 адам,
Түркістан облысында – 5 адам, жалпы 363 науқас тіркелді.
Фото: informburo.kz