Денсаулық
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 9 адам анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында COVID-19 жұқтырған тағы 9 адам анықталды. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Соңғы мәліметке сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 55 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам тіркелді.
Сонымен Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдардың жалпы саны - 97-ге жетті.
Фото:www.ktk.kz