Денсаулық
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 44 адамға жетті

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 7 адам анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша, бүгінгі жағдай бойынша, ел аумағында коронавирус жұқтырған 44 науқас тіркеліп отыр. Оның 19-ы – Алматыда, 25-і – Нұр-Сұлтан қаласында.
Сонымен қатар, екі қазақстандық азамат шетелде ем қабылдауда. Жерлесіміздің біреуі – Германияда, тағы бір қазақстандық азамат Венгрияда карантинге орналастырылған.
Фото: informburo.kz