Алматыда әйгілі «Корсар» балетінің тұсаукесері өтті

Әлемдік классиканың інжуі  -    «Корсар» балеті жаңаша сахналанды.  Адольф Аданның әйгілі туындысын талғампаз көрерменге Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ұсынды. Корсарлардың тарихын арқау еткен қойылымның  сценографиясын итальяндық суретші Уильям Орланди әзірлеген. Ол шытырман оқиғалы қойылымда декорациялардың қозғалысын шебер үйлестірді. Бұл спектакльге сахналық кеңістік пен жаңа екпін сыйлады. Қойылымды бейнематериалмен толықтыру да соны шешімдердің бірі болды. Ал бас  қоюшы балетмейстер Гүлжан Түткібаева өшпес классикаға заманауи хореографиялық өңдеу берген.

Гүлжан Түткібаева, қоюшы-хореограф, қр халық әртісі:

 - Бұл қойылымда ескі нұсқада болмаған кейбір үзінділер бар. Атап айтар болсақ, бақтағы Кода, сондай-ақ, кейбір сахналық көріністер де бар. Жалпы, спектакль драматургиясы біршама басқаша ойластырылды. Бізде басты кейіпкерлеріміздің бірі – Ланкидемді түрмеге қамау көрінісі пайда болды. Басты кейіпкер Одажио, кішкентай Одажионың гроттада кездесуі үзіндісі де көрсетілді. Сонымен қатар біз музыкалық материалды өзіміз жасадық. Мен спектакль қарқынды болды деп ойладым. Қойылымда би мизансценарлары да болды. Мен көрерменді жалықтырмас үшін іс-әрекеттің үздіксіздігін қаладым. 

160 жылдан астам уақыттан бері әлем көрерменінің көзайымы болып келе жатқан  «Корсардың»  жаңа келбетпен сахналануы театр ұжымы үшін үлкен мереке іспетті.   Себебі бұл жолы бәрі жаңа: музыкалық  әрлеуден бастап Ресей Халық суретшісі Вячеслав Окуневтің қолынан шыққан костьюмдерге дейін.  Мұның барлығы әртістердің  тынысын аша түсті.

Рахим Даиров, Абай ат. қмаобт жетекші балет солисті:

- Бұл рөл өте ауқымды, қызықты болды. Ол қарақшылардың жабайылау әрі жігерлі мінез құлқына тұнып тұр. Мұндағы менің рөлім – Конрадтың партиясы. Ол ерекше романтикалық, драмалық мазмұнға бай.  Ол көсем ретінде өзгелерді өзіне бағындыруы керек. Бұл қойылымда оның Мидора атты сүйіктісі бар. Осы тұрғыдан оның романтикалық келбетін беруім керек. Себебі оның сүйіктісі өте нәзік.

Айта кетейік, Байронның поэмасы желісімен жазылған  «Корсар» - әлемдік балет репертуарының алтын қорына кіреді.  

 

Фото: kt.kz


×