Junior Eurovision 2020: Қарақат Башанова екінші орын алды

Junior Eurovision 2020: Қарақат Башанова екінші орын алды

Коронавирус пандемиясына байланысты Junior Eurovision 2020 финалы қатысушы елдерде телекөпір арқылы өтті. Телекөрермендер мен әділ қазылар алқасының дауыс беруі бойынша Қарақат 152 ұпай жинады. Нәтижесінде Қазақстан жүлделі екінші орыннан көрінді. Ал бірінші орынды 200 ұпай жинаған Франция иеленді. Үздік үштікті 133 ұпай жинаған Испания қорытындылады.

Көрермендер мен әділқазы алқасының дауыс беруі нәтижесінде Қарақат үздік үштіктің қатарынан көрінді. Ол Forever әнін орындаған болатын. Биыл бұл байқауға 12 орындаушы қатысты. Жеңімпаз барлық қатысушы елдің дауыс беруі арқылы анықталды. Қазақстан халықаралық жобаға осымен үшінші рет қатысып отыр.


×