«Гала-балеттегі» хореографиялық миниатюралардың премьерасы

Балеттің ең жақсы нөмірлері - бір қойылымда. «Астана Опера» театрында гала-балет өтті. Өнерсүйер қауым көрнекті балетмейстер Мариус Петипаның хореографиялық өнерін тамашалай алды. Бұл - Глазуновтың Раймонда балетіндегі гран-па, «Сатанилла» балетіндегі «Венециандық карнавал» па-де-десі. Сондай-ақ, Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінен Көкқұс пен Флорина ханшайымның па-де-десі.Сонымен қатар, бұл күні   театрдың Үлкен залы сахнасындағы концерт аясында «Селеу иісі» нөмірінің премьерасы қойылды. Бұл миниатюрада қазақстандық композитор Сайраштың керемет музыкасы мен Анвара Садықованың хореографиясындағы қазақ лексикасы нөмірге айрықша мән берді. Мұнда ұлттық бидің амплитудасы, кеңдігі бірден көрініп  тұр. «Астана Операның» жетекші солистері Әйгерім Бекетаева, Әнел Рүстемова, Гаухар Усина, Бақтияр Адамжан мен өзге де артистер көрермен қауымға тамаша өнерін   тарту етпек.

Гаухар Усина, «Астана Опера» театрының жетекші солисті:

- Көрермен тек қойылымдардан үзінділерді ғана емес, сонымен қатар осы үзінділерді тамашалай отыра, ол осы спекакльдердің толық нұсқасына келіп, керемет ләззат   алады. Гала-балеттің артықшылығы осында шығар. Біз, артистер, мұндай концерттерді өте жақсы көреміз, өйткені бірнеше номерді, бірнеше образда орындап шығасың.

Автор: Әсел Күшенғалиева

Фото: old.elorda.info


×