«Қазақ халқы және ата тегі» атты кітаптың тұсаукесері

«Қазақ халқы және ата тегі» атты кітаптың тұсаукесері

Елордада тұңғыш қазақ антропологы, саналы ғұмырының басым бөлігін қазақ халқының шығу тегі мен генеологиясына арнаған зерттеуші Оразақ Смағұлов пен ғалым Айнагүл Смағұлованың «Қазақ халқы және ата тегі» атты кітабының таныстырылым өтті. Аталған ғылыми еңбекте ғалымның 50 жылға жуық жинақтаған материалдары негізінде қазақтардың бет-бейнесі, қан жүйесі, тіс морфологиясы, тері бедерлері мен қаңқа сүйектеріне жасалған салыстырмалы зерттеулерінің ғылыми тұжырымдасы топтастырылған. Еңбектің қазақ тіліне аударылуына, редакторлық жұмысына филология ғылымдарының докторы Жантас Алтайұлы атсалысқан.

Жантас Жақұпов, филология ғылымдарының докторы:

– Бұл Смағұловтың кітабындағы мәліметтер ешқандай кітапханада, ешқандай лабораториядан табылмайтын мәліметтер. Қысқасы, бұл еңбектің бағалылығы сонда 40 ғасырдан бері қазіргі қазақ дейтін халық осы атамекенде, осы жерде қазақтанның осы жерінде өмір сүріп келген. Сол нақты ғылыми дәлелденген. Бұл кісі антопологиялық зерттеу арқылы біз түркі тілімен сонау сол 40 ғасырдан бері сөйлеп келе жатқанымызға болжам жасайды, болжалы дәлелдеді деп есептеймін.

 

Автор: Ақзер Сегізбай

Фото: inform.kz


×