Абай бейнесі суретші көзімен

Абай бейнесі суретші көзімен

 «Абай бейнесі Қазақстан суретшілерінің көзімен». Әйгілі қылқалам шеберлері мен жас суретшілердің 120-дан астам таңдаулы туындылары Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіндегі көрмеге қойылды. Авторлар данышпан ақынның бейнесін әр қырынан ашуға тырысқан. Игі шара Абайдың 175 жылдығына арналған. Сондай-ақ, осы жерде ақын тұлғасы мен шығармашылығына арналған 70-тен астам кескіндемелік, графикалық, мүсіндік туындылар қойылды.

Сандуғаш Мырзабекова, ҚР мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының бөлім жетекшісі:

- Бұл шығармаларда  Қазақстан халқының 20-шы ғасырдың басындағы және де кейінгі суретшілердің  туындылары қойылған.  Соның  ішінде алғашқы суретшілердің бірі Әбілхан Қастеев, Айша Ғалымбаева, Құлахмет Ходжиков, Леонид Леонтьев сынды кескіндемелік шығармалар бар. Ол шығармаларда көбінесе Абайдың образы дүниетанымын ашуда  Абайдың образын әдемілеп көркем бейнелеген.

 

Фото: caravan.kz


×