«Астана Балет» театрында «Желторанғы туралы аңыз» балетінің премьерасы өтті

«Желторанғы туралы аңыз». «Астана Балет» театрында қазақстандық хореограф Анвара Садықова қойған балеттің премьерасы өтті. Спектакльде қазіргі әлемнің үлкен әрі өзекті мәселесі – адамзаттың табиғат әлеміне қол сұғуының салдары көрсетіледі. Хореграфтың айтуынша, тамыры тереңде жатқан желтораңғы ағашының өзі табандылық пен күш-қуаттың бейнесіндей. Қойылым сюжетінде қазақ даласының тағдырымен байланыс байқалады.

АНВАРА САДЫҚОВА, ХОРЕОГРАФ:

 - Бұл балетте біз екі басты линияны көресеткіміз келді. Ол – адамзат пен табиғат арасындағы қақтығыс және біздің халқымыздың табандылығы мен қайсарлығы. Әрине мені бірінші кезекте Қуат Шілдебаевтың «Тораңғы мұңы» атты ғажайып туындысы шабыттандырды. Бұл балет өз шыққан жеріңе, өз өзіңе оралу. Мысалы сіз бір жерге кетесіз, бірақ міндетті түрде өзіңіздің  ортаңызға қайта ораласыз. Бұл балет шыққан арғы тегіңнің күшінде. Жеріңнің күшінде және адам мен табиғат арасында туындаған жанжал туралы.

Қойылымда классикалық хореография және қазақ ұлттық биі керемет үйлестірілген. Оған жалпы саны 40-тан аса артист атсалысты. Тағы бір атап өтерлік жайт, спектакль декорацияларының авторы – Жандос Омаровтың айтуынша, көрерменге шынайылық әлемін көрсету үшін нағыз күздегі тораңғы тоғайын жасаған. Жалпы, саны отыз мыңнан асатын жапырақты арнайы матадан дайындап шығарған.

Авторы: Ақзер Сегізбаева

 

Фото: astanaballet.com


×