Нұр-Сұлтанда отандық суретшілердің көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтанда отандық суретшілердің көрмесі ашылды

Елордада қазақстандық танымал суретшілердің туындылары қойылған көрме ашылды. Көрермен назарына қазақстандық суретшілердің әр жылдары салынған түрлі бағыттағы көркем туындылары ұсынылады. Салтанатты шараға авторлармен қатар зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақ агротехникалық университетінің өнер факультетінде ашылған көрменің бастамашысы Бекболат Байсағатов. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме алдағы уақытта өзге де талантты қылқалам шеберлерінің туындыларымен толыға бермек.

ӨМІРӘЛІ ИСМАИЛОВ, АСТАНА СУРЕТШІЛЕР ОДАҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Көрмеде Үкі Әжиевтің де жұмысы бар екен. Ол 60-шы жылдардың белгілі суретшісі болып есептеледі. Сол кездегі мықты-мықты суретшілеріміздің бірі. Алпыспай Қазғұлов, Сенбіғали Сұмағұлов, Арип Бақытжан, Байтенов Мәжит ағаларымыздың да суреттері бар. Осы көрменің ашылу салтанатына байланысты өзім де бір жұмысымды коллекциясына сыйға тартуға алып келдім.

 

Фото: kazatu.edu.kz


×