«Longing» & «Instinct»: «Астана Балет» сахнасындағы екі премьера

«Longing» & «Instinct»: «Астана Балет» сахнасындағы екі премьера

«Астана Балет» театры өз көрермендерін таң қалдырмақ. 30 және 31 қазанда екі күн қатарынан елордалық көрерменді эмоцияға толы, сахна минимализммен көркемделген ерекше қойылым күтеді.  Алғаш рет «Астана балет» сахнасында театрдың жетекші солисі - Дэвид Джонатанның «Instinct» атты жұмысы, сонымен қатар қазақстандық көрерменге жақсы таныс хореограф Рикардо Амарантенің «Longing» атты қойылымы ұсынылмақ. Осы ретте, Рикардо Амарантенің  жұмыстары театрдың репертуары мен ең басты концерттік және гастрольдік бағдарламаларына үйлесім тауып үлгергенін атап өткен жөн. Ал оның аргентиналық композиторлар Астор Пьяццолла мен Пабло Циглердің музыкасына жазылған «Longing» атты жаңа балетінде әртістердің әрбір қимылында көрермендерді модернистік және неоклассикалық шешімдер күтуде, алайда тангоның таңғажайып элементтері де ұмыт қалмаған. Хореографтың айтуынша, бұл қойылым көрермендердің әрқайсысына өмір, махаббат және қарым-қатынас туралы ойлануға мүмкіндік береді.

РИКАРДО АМАРАНТЕ, «LONGING» БАЛЕТІНІҢ ҚОЮШЫ-СУРЕТШІСІ, ШАҚЫРЫЛҒАН ХОРЕОГРАФ:

 - Балет «Longing» деп аталады. Аударатын болсақ «тілек» дегенді білдіреді, немесе басқаша айтар болсақ Desire - бір нәрсені қатты қалау, қалауыңа деген құштарлық. Бұл балет мінсіз ер адам мен мінсіз әйел адам туралы. Әдетте өзіміз ойдан құрастырып алған, арманымыздағы, өзіміз сондай болғымыз келетін мінсіз адам туралы. Менде мұндай мыңдаған идеялар бар. Оған қоса біз бәріміз үйде болған кезде, басымызға күн сайын жаңа ойлар, жаңа жоспарлар келді. Ол идеялар әрдайым біздің басымызда болған еді. Белгілі бір туындыны жасаушы шығармашылық адамы ретінде айта аламын, жаңа дүниені жасау кезінде  біз «аш» болдық деп.

АЛЕКСАНДР СОВОСТЬЯНОВ, «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

 - Бұл – махаббат туралы баяндайтын екі заманауи балет. Оның екеуінде де біз үнемі күтетін ертегі бар. Бірақ бұл балеттерде адамдар арасындағы махаббат, шынайы сезім көбірек көрініс табады. Егер де адамдар арасында сезім болмаса біз робот болар едік деген түсінік жатыр. Ал қазір біз бойында сезімі бар адамдар болып табыламыз. Негізі өмірдің мәні де осы сезімде.

 

Фото: the-village.kz


×