Парижде қазақстандық суретші Марийка Ярославскаяның жеке көрмесі ашылды

Парижде қазақстандық суретші Марийка Ярославскаяның жеке көрмесі ашылды

Париждегі галереяда қазақстандық жас суретші Марийка Ярославскаяның жеке көрмесі ашылды. Қылқалам шебері туындыларында сұр түстің жүздеген реңкін қолданады. Арасында классикалық өнерден танымал туындылар бар. Леонардо да Винчи дәуіріне тән мәнері – ескі өнерді қазіргі дәуірмен жалғаған көпір іспеттес.

МАРИЙКА ЯРОСЛАВСКАЯ, СУРЕТШІ:

 - Бұл – көне техниканың жаңа тақырыптармен үйлесімі. Мен ескі өнерді, бұрынғы шеберлерді қадір тұтамын, олардан шабыттанамын. Осыны сақтағым келеді, заманауи өнер түсініксіз бір абстракция болғанын қаламаймын. 

Марийка өнердегі жолын Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы мұражайда бастаған. Кейін ең үздік өнер университеттерінің бірінде білім алды. Шығармашылық шабыт іздеп, Луврға жиі келіп тұрады. Жергілікті сарапшылар жерлесіміздің өнер жолындағы болашағы зор деген баға берді.

ЭММАНЮЭЛЬ ДЕ МОНТЕЙНАР, КОЛЛЕКЦИОНЕР:

 - Марийка туындыларында тарихи сілтемелер, готикалық мүсіндер, Микеланджелоға ұқсас бейнелерді табуға болады. Бірақ дарынды жаңашылдығы да бар, бұл – бір түстің алуан түрлі реңктері мен көлемімен ойнауы. Оны түрлі техниканы қолданып келтіреді. Бұл – қазіргі өнерде сирек кездесетін дүние.

ЭРИК АРИСА, ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:

 - Өнерінің ерекшелігі – осы суреттерінің нағыз шынайылығы деп ойлаймын. Өте үлкен әсер қалдырып, адамды ойландырып, толғандырады.

Марийка Ярославская өзінің алғашқы жеке көрмесімен коллекционерлердің назарын өз туындыларына ғана емес, Қазақстанның бүкіл өнеріне баулығысы келеді. Ол дарынды жерлестеріне Париж галереяларында әрқашанда да орын табылады деп есептейді.

Фото: Хабар 24


×