Орталық Азиядағы оқиғаларға шолу

Орталық Азиядағы оқиғаларға шолу

ЕЭК Кеңесі 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары туралы жобаны мақұлдады. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Жобада Қырғызстанның ЕАЭО мүше-мемлекеттері аймақтарының экономикаларын ілгерілету үшін шартты мақсатты қаржыландырудың тетіктері мен бағдарламаларын енгізу мәселесін зерттеу туралы ұсынысы бар. Бұл ұсыныстар іс жүзіндегі даму институттарының шеңберінде, оның ішінде қаржыландырудың қолданыстағы тәсілдерін толықтыра отырып берілген.

Өзбекстан мен Қытай денсаулық сақтау саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Әсіресе бұл бағыт клиникалар мен фармацевтикалық кәсіпорындар құрылысы саласына байланысты. Орталық Азия елінің елшісі Бахтиёр Саидов атап өткендей, бұл бастамалар екіжақты қатынастарда маңызды орын алады. Дипломат сонымен бірге телемедицина саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасын әзірлеу жоспарланып отырғанын да айтып өтті. Қос тарап өкілдерінің айтуынша, пандемия медициналық сарапшылар, ғылыми институттар мен мемлекеттік органдар деңгейінде аймақтық өзара әрекеттесудің маңыздылығын тағы да көрсетті.

Бірқатар халықаралық институттар «Серпінді технологиялар 2021: Арал маңындағы жерлерді қалпына келтіру» Дүниежүзілік байқауын жариялады. Іс-шара Орталық Азияға арналған су-энергетикалық бағдарламасының қолдауымен жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, Дүниежүзілік банктің RESILAND CA + Орталық Азияның төзімді ландшафтық бағдарламасын іске асыруға үлес қосады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау Арал маңындағы жергілікті экожүйелерге кері әсерін азайту үшін қолданылатын жаңа инновациялық шешімдерді тартуға көмектеседі.

 

Фото: akchabar.kg


×