Самарқандағы Шахи Зинда тарихи кешені

Самарқандағы Шахи Зинда тарихи кешені

Өзбекстанның Самарқан қаласы. Көне замандарда мұнда әлемнің үздік сәулетшілері салған мешіттер мен кесенелер әлі де таңқалдырады әрі көз тойдырады. Туристер үшін әсіресе Шахи-Зинда кешені ерекше тартымды. Мұхаммед пайғамбардың ағасы Куссам ибн Аббас осы жерде өмірден озған деседі. Оның бұл дүниеден тірі кеткені туралы аңыз тараған. Шахи-Зинда «Тірі Патша»дегенді білдіреді. Кейін 10-11 ғасырларда оның құрметіне кесене тұрғызылады. Бүгінде бұл жерде оннан аса мавзолей орын тепкен.

ХАМРАКУЛЬ КАЮМОВ, ШАХИ ЗИНДА КЕШЕНІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Әмір Темір 1370 жылы таққа отырған кейін Афросиаб көне қалашығының бұзылған жеріне қайтадан тарихи ғимараттар сала бастайды. Оның бұйрығымен бұл жерде Куссам ибн Аббас пен Темірланның нөкерлеріне арналған кесенелер бой көтереді.

Қараханидтер мен Тимуридтер әулеті мүшелерінің мавзолейлер ансамбліне кіретін ғимараттар бір-біріне ілестіріліп тұрғызылған. Жылтыр әйнектер, қашалған тастар, ұсақ әрі ірі мозайка, құйма кірпіштер. Бұл жерде өз ісінің асқан шеберлері еңбек еткен. Кешеннің кіре берісі кейін салынған, ал ансамбльдің ішкі ғимараттары төменгі, орта және жоғарғы топтарға бөлінеді, оларға 40 баспалдақтан тұратын саты алып барады.

ХАМРАКУЛЬ КАЮМОВ, ШАХИ ЗИНДА КЕШЕНІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

 - Бұл ғимараттар бір-біріне ұқсамайды. Өйткені оларды әлемнің жер-жерінен әкелінген түрлі шеберлер салды. Мұқият зер салсаңыз, кесенелер ою-өрнектерімен, қабырғадағы жазуларымен, түстерімен һәм күмбездерімен, сайып келгенде тек өзіне тән сәулеттік өнерімен ерекшеленеді.

Шахи-Зинда мавзолейлейлер ансамблі ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұраларының тізіміне енгізілген.

Авторы: Жасын Біркенов

 

Фото: alsamarkand.com


×