Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасаудың құпиясы
Он саусағынан өнер тамған шебердің қолына түскен түрлі-түсті жіптер таңғажайып ою-өрнектерге айналады. Оның әрбір бөлшегі мен түстер үйлесімділігі аса маңызды және белгілі бір мағынаны береді. Қырғызстанның Нооката ауылының шебері сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын өз қолымен жасайды. Айта кетейік, әрбір шебердің өзіндік мақсат-міндеттері болады: Біреулер текемет тоқыса, басқалары киіз басады, қалыңдықтың жасауын жинайды.
КАНСУЛУУ АЖИБЕКОВА, КУЛАТОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Әркім өз ісімен айналысады. Біреу жүн түтеді, екіншісі оны бояйды, тағы біреуі дайындайды. Бұл жұмыс ең алдымен өзімізге пайдалы.
КАНСУЛУУ АЖИБЕКОВА, КУЛАТОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Біз жұмыссыз отырмаймыз. Тапсырыстар бойынша кілем тоқимыз. Көрші ауылдардан да өтініштер түсіп жатады.
Шеберлер ою-өрнектер тоқу барысында әжелері үйреткен көне және қазіргі заманғы түрлі техникаларды қолданады.
ШАРАПАТ МАМАТАЛИЕВА, КУЛАТОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
- Бұрынғы заманда да осындай кілемдер тоқыған, бұдан басқа заманауи техниканы да қолданамыз. Өте әдемі, ерекше шығады.
Әр бұйымды жасау – тұтас бір шығармашылық процесс, шеберлердің қиялы ұшан-теңіз. Ал жұмыс барында ән айту көңілді сергітіп, жұмысты өнімді ете түседі.
Фото: www.for.kg