Аймақтық интеграция Орталық Азия елдері алдында жаңа мүмкіндіктер ашады
Аймақтық интеграция Орталық Азия елдері алдында жаңа мүмкіндіктерді ашады. Қырғыз сарапшылар қауымдастығының пікірінше, экономикалық, инфрақұрылымдық, көлік-транзиттік, білім беру және мәдени байланыстардың дамуына серпін бермек, сыртқы саяси үрдістерде жаңа одақтас табуға мүмкіндік береді.
ЖОЛБОРС ЖОРОБЕКОВ, САЯСИ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
- Бүкіләлемдік пен аймақтық саясат жаһандануға ұмтылыс пен маңызды іс-шараларға қатысуды білдіреді.
Өзбекстан да осы үрдістен шет қалғысы келмейді. Ресми Ташкенттің түркі тілдес мемлекеттер интеграциясына қатысу ниеті осы ұйымның күш-қуатын арттыратыны анық.
МАРАТ ҚАЗАҚПАЕВ, АНАЛИТИКАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Әрине, осы ынтасын бүкіл елдердің басшылары, алдымен Эрдоған, Назарбаев және біздің президент қолдап отыр. Бұл Өзбекстанның сыртқы саясаты түбегейлі, күрт өзгергенін көрсетеді.
«Заманауи Жібек жолы» туристік жобасына белсенді қатысушы елдер: Түркия, Қазақстан, Әзербайжан мен Қырғызстан. Сарапшылар Өзбекстан қосылғаннан кейін бұл жобаның ауқымы мен салмағы артады деген қорытындыға келді.