АДБ жасыл облигацияларды теңгеге айналдырды

Экологияға  құйылған инвестиция! Алғашқы жасыл облигациялар пайда әкеле бастады. Азия даму банкі Қазақстан қор биржасында листингтен өткен аукционға қойылған акциялар аясында шамамен 32 млн доллар тартты. Бұл қаражат еліміздегі климаттың өзгеруіне қарсы күресте экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.

ДЖОНАТАН ГРОСВЕНОР, АДБ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - АДБ бір уақытта екі жасыл облигацияны жолға қойды. Өйткені біз күн энергиясының екі түрлі жобасын қаржыландырудамыз. Жобалардың әрқайсысы әртүрлі сипаттама мен пайыздық мөлшерлемеге ие және өтеу мерзімдері де бөлек. Жасыл облигациялар жарты жылдық купондарды 22 қазанға дейін 10,12 процентпен және 23 қаңтарға дейінгі мерзімде 10,10 процентпен 10 миллиард теңгеден астам сомаға төлем жасайды.

Мамандар қаржы институты жергілікті валютада жасыл облигациялар шығара отырып, БҰҰ -ның Тұрақты даму мақсаттарын қолдайды және сонымен бір мезгілде қазақстандық капитал нарығын дамытуға өз үлесін қосатындығын мойындайды. Алайда, бұл істе бір ғана басты мәселе бар, ол - қоршаған ортаны қорғау. Сондықтан АДБ бағдарламасы - бұл бес облыста климаттың өзгеру салдарын жақсартуға және бейімдеуге көмектесетін кешенді жоспар.

ДЖОНАТАН ГРОСВЕНОР, АДБ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

 - Бұл таза энергия көлемін ұлғайту, көлік пен қалалардың тұрақты дамуына ықпал ету, көміртекті байланыстыру үшін жерді пайдалану мен ормандарды басқару, климаттың өзгеруіне төзімділікті арттыру, тиісті саясатты, басқаруды және институттарды мемлекеттік сектордың қатысуымен нығайту. АДБ бірінші кезекте қаржыландыруды, гранттарды және сараптамалық техникалық көмекті ұсынады.

Жобалардың ішінде екі қазақстандық бар. Осылайша, АДБ біздің республикада қуаттылығы 100 мегаваттқа дейінгі күн электр станцияларын салу бойынша екі стартапқа ақша бөлді. Жалпы, Азия Даму Банкі теңгені қосқанда 11 валютада 8 миллиард доллардан астам сомаға жасыл облигациялар шығарды.


Авторы: Ақзер Сегізбай

 

Фото: akchabar.kg


×