Сенат электр энергетикасының тиімділігін арттыруға арналған құжатты қабылдады

Сенат электр энергетикасының тиімділігін арттыруға арналған құжатты қабылдады. Депутаттардың пікірінше, бұл елдің электр энергетикасы саласының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, инновациялық жүйенің сыртқы көздерге тәуелділігін азайтады. Қаражат жағынан да үнем болады. Мысалы, жаңа ережелердің арқасында реттеу бойынша көрсетілетін қызмет үшін қаражат елде қалады. Ал бұл жылына айтарлықтай соманы, шамамен 10-12 миллиард теңгені құрайды. Бұған қоса, Жаңартылған энергия көздері секторының инвестициялық тартымдылығы да артады, - деп атап өтті жобаны таныстырған Сенат депутаты Шавкат Өтемісов. Сонымен қатар, ол заң жобасы мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейтінін де атап өтті.

Шавкат Өтемісов, ҚР Сенат депутаты:

- Оның негізгі тұжырымдамалық жаңалықтары мыналар болып табылады. Бірінші – маневрлік қуаттар салуды ынталандыру.  Бүгінгі күні елімізде электр қуатының префециті бар.  Ол 2019 жылдың қорытындысы бойынша үш мың мВт құрайды.

 

Фото: eenergy.media


×