Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралды

Үкіметте елді мекендерді газдандыру мәселелері қаралды

Қазақстанда 2021 жылдың сәуір айына дейін газдандырудың бас жоспары қайта  жаңғыртылады. Сондай-ақ, «Сарыарқа» газ құбыры жобасының 2-ші және 3-ші кезеңінің техникалық-экономикалық негіздемесі жаңартылады. Бұған қоса, Шығыс Қазақстан облысына көгілдір отын жеткізу тұжырымдамасы әзірленеді. Қазір бұл өңірге газды Ресейден тарту мәселесі қаралып жатыр. Ең алдымен, бұл тұтынушылар санының өсуімен байланысты. Мәселен, жыл соңына дейін елде тұтыну көрсеткіші 16,5 млрд текше метрге дейін өседі деп күтілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі:
- Биылғы жылдың қорытындысы бойынша ел тұрғындарын газдандыру көрсеткіші 53% деңгейінде жоспарланған, 9,8 миллион адам табиғи газға қолжетімділікке ие болады. Ал 2025 жылы газдандыру деңгейі 60% жетіп, 2120 елді мекен немесе 11,7 миллион  тұрғын қосылады.

 

Автор: Жеңіс Ермұқанов 

Фото: 24.kz


×