Қызылорда облысының экономикалық даму картасы жасалды

Қызылорда облысы экономикасы әртараптандырылып, өндірісі өрге өрлеген, экспорттық әлеуеті мол өңірге айналады. Ол өшін 2023 жылға дейінгі экономикалық даму картасы әзірленді. Оның шеңберінде жалпы сомасы 270 млрд теңгеге 265 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова мәлімдеді. Аймақ басшысы бүгінгі күні өңір экономикасын дамытуда тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесі артқанын, сонымен қатар, өзге салаларда да ілгерілеушілік байқалып отырғанын жеткізді.

Гүлшара Әбдіхалықова, Қызылорда облысының әкімі:

- Шетелге қамыс экспорттала бастады. Мұздатылған көкөніс ресейге жіберілді. Одан басқа біз бірінші рет макаронның 5 түрін шығара бастадық. Арал қаласында қуаттылығы 130 мың тонна болатын жылына болатын түйенің сүтін ұнтақталған қайта өңдеу зауыты іске қосылатын болады. Бұдан басқа осы жақында, бір аптаның көлемінде екі үлкен инвесторлармен қол қойдық. Оның бірі жоңышқаны егіп, қайта өңдеу. Екіншісі қызанақтан томат жасау. Қуаттылығы 10-15 мың тонна жылына томат зауыты салынатын болады.

Ал Арал өңірінің балығы сырт нарықтарды бағындырғалы қашан. Енді аталған өнім экспортының көлемін 4,2 тоннадан 8,5 тоннаға дейін арттыру көзделген. Ол үшін балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданып, оны іске асыруға 28 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Өңір басшысының айтуынша, аталған қаражат тауарлық балық көлемін 34 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Автор: Ақзер Сегізбаева

Фото: taraz24.kz


×