Қазақстанда тауарларды таңбалау жүйесі жетілдіріледі

Қазақстанда тауарларды таңбалау жүйесі жетілдіріледі. Осының арқасында сыртқа шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі артады. Таңбалаусыз тауарларды шетелге шығару мүмкіндігі болмайды. Мысалы, Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық үрдістері аясында 6 сала бойынша таңбалау тәртібін енгізу көзделген. Бүгінгі таңда тері бұйымдары мен темекі өнімдері міндетті түрде таңбаланады. Сондай-ақ дәрі-дәрмек, алкоголь, аяқ киім және сүт өнімдерін цифрлық сәйкестендіру бойынша пилоттық жобалар қолға алынды. Осы тауар топтарын таңбалауды енгізу арқылы, заңды тауар айналымының көлемі 337 миллиард теңгеге, ал бюджет кірістері 58 миллиард теңгеге артатыны болжанып отыр. Ал жоспар бойынша 2025 жылға дейін кумулятивтік әсер 2,6 трлн теңгені құрайды. Ал өнімнің заңдылығын тексеру үшін «Naqty Sauda» және «Naqty Onim» тегін мобильді қосымшалары енгізіледі.

 

Фото: tsargrad.tv


×