Өмірзақ Шөкеев коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып берді

Түркістан облысына соңғы 10 айда 480 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Бұл туралы аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысына арналған брифингте Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Өңір басшысы Қазақстан Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру аясында атқарылған жұмыстар туралы айтты. Соның ішінде, қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін барлық шаралар қолға алынғанын жеткізді.

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Инвестиция тарту мәселесіне біз өте үлкен мән береміз. Өйткені инвестиция бұл біздің келешек дамуымыз. Осыған алып қарайтын болсақ, былтырға қарағанда 10 айдың қорытындысымен 480,9 млрд инвестиция тартылды облысқа. Бұл былтырға қарағанда 70 процентке артық өсім.

Өмірзақ Шөкеев өңірдің коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық барысына да тоқталды. Оның айтуынша, медициналық ұйымдарды дәрілік заттармен және қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге 2,1 млрд теңге бөлінген. ПТР-зертханаларының саны 3-тен 9-ға дейін артты. Сонымен қатар, аудандарды жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз ету көрсеткіші 100% құраған.

Авторы: Ақзер Сегізбай

 

Фото: inform.kz


×