Атырау облысындағы инвестициялық жобалардың мультипликативті әсері

Атырау облысында мұнай-газ саласында бірқатар ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Солардың ең ірісі – жалпы құны 46 млрд доллар құрайтын Теңіз кен орнындағы Келешек кеңею жобасы. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді.

Аймақ басшысының хабарлауынша, аталған жобалардың мультипликативті әсері зор. Олар сабақтас салалар мен сервистік қызметтердің дамуын ынталандырады. Бүгінгі таңда бұл жобаларға 300-ге жуық жергілікті компания мен 27 мың қазақстандық жұмылдырылған. Сондай-ақ,  Атырау облысында тағы 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Нақтырақ айтқанда, таяу шетелдегі ең ірі полимер өндірісі болып табылатын полипропилен жобасын атап өткім келеді. Жобаға 2,6 млрд доллар инвестицияланды. Өндіріс 2021 жылдың аяғында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Және де Қашағанда газ өңдеу зауытын салу жобасы әзірленуде. Ондағы инвестиция көлемі 370 млрд теңгені құрайды.

Фото: m.angi.ru


×