Қазақстанның ауыл әйелдерінің ІІІ форумы өтті

Өз ісін өрге дөңгелетіп отырған ауыл әйелдері елордада бас қосты. Қазақстан ауыл әйелдерінің ІІІ форумы биыл онлайн және оффлайн форматта ұйымдастырылды. Дәстүрлі жиында нәзік жандылардың ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және Тұрақты даму мақсаттарын орындау бойынша жетістіктері талқыланды. Іскер келіншектер мұндай басқосулар оларға өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік ашатынын айтады.  

АНАР БОЗАЕВА, ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ, КӘСІПКЕР:

 - Өзім ауыл шаруашылығымен айналысамын. Фермам бар. Мұндай жиындар – бірінші кезекте, әйелдерге тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін керемет бизнес алаң болып табылады. Мысалы, мен өз тәжірибем туралы айта отырып, басқа келіншектерге ауыл шаруашылығы саласында кәсіп ашуға қорықпау керектігін түсіндіре аламын. Өйткені бұл – өте қызықты сала. Ең бастысы, өз ісіңді жақсы көру керек, сол кезде нәтижесі де болады.

Авторы: Ақзер Сегізбай

 

Фото: inbusiness.kz


×