Көппәтерлі тұрғын үй иелері жер салығынан босатылады

Көппәтерлі тұрғын үй иелері жер салығынан босатылады

Көппәтерлі тұрғын үй иелеріне салынатын жер салығын алып тастау орынды және әділ шешім. Бұл туралы Сенат отырысында Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов мәлімдеді.

Вице министрдің айтуынша, бүгінде елімізде 3 миллион 300 мың пәтер 1,5 миллон адамның үлесінде екен. Одан түсетін қаржы орташа есеппен алғанда 60 теңгені құрайды, ал бұл аса көп қаражат емес. Ал оны әкімшелендіруге кететін шығын екі есе.

ҚАНАТ БАЕДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Мысал келтіретін болсам, азамат жер салығын уақытылы төлемеген кезде, біз оларға пошта арқылы хабарлама жібереміз. Ал ол хабарламаның бағасы, бір хабарламаның бағасы 510 теңге. Ал түсетін 60 теңге, кететін хабарламының құны 510 теңге. Сондықтан бұл салықты алып тастау орынды әрі әділ деп ойлаймын.  

Отырыс барысында Сенат депутаттары тарапынан министрлікке жер үй иелерін де салықтан босату ұсынысы айтылды.

ҚАНАТ БАЕДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

 - Жеке үйге салынатын жер салығы мен пәтерге салынатын салығын екеуін салыстыруға болмайды. Жер үйден түсетін жер салығының көлемі әлдеқайда көп. Екіншіден біздің сала орындардарының былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, жер үйден түскен жер салығының бағасы 2 млрд 700 млн теңгені құрап отыр.

Сондай-ақ, салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылды. Құжатты талқылай келе, сенаторлар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң жобасын мәжіліске қайтарды.

 

Фото: zakon.kz


×