Қазақстанда Нарықты қадағалау институты енгізіледі

Қазақстанда Нарықты қадағалау институты енгізіледі

Қазақстанда Нарықты қадағалау институты енгізіледі. Бұл қауіпті өнімдердің алдын алуға өзара ықпал етеді. Мәжілісмендер бірінші оқылымда сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ұсынған «Техникалық реттеу туралы» заң жобасын мақұлдады.

Ведомство басшысының айтуынша, бұл жалпы кеңейтілген бақылауды білдірмейді. Ақпараттық базада барлығы онлайн режимінде бақыланатын болады. Ал тексерулердің өзі тек схема бойынша, яғни сәйкестендіру - тестілеу - нарықтан шығу негізінде жүзеге асырылады, деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, сәйкестікті бағалау процедураларын жетілдіру, сертификаттау мен аккредиттеу процестерін цифрландыру мәселелері қарастырылуда. Ал электронды сертификаттарды Еуразиялық экономикалық комиссияның мәліметтерімен біріктіру де қарастырылуда. Сондай-ақ,  барлық нәтижелер фотосуреттер және бейнежазбалармен бірге жүреді.

Министрдің айтуынша, өзгерістер сыбайлас жемқорлықты азайтады, таза бизнес үшін жағдай жасайды және тұтынушылар үшін өнім сапасын арттырады.

 

Фото: ainews.kz


×