Қазақстанның негізгі капиталына 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды

Жаһандық деңгейде өршіген пандемияның кері әсеріне қарамастан, жыл баынан бері Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 62,8 млрд долларға жетті. Оның ішінде 35,3 млрд доллары экспорттың үлесіне тиесілі. Есесіне жыл басынан отандық өнімнің өндіріс қарқыны 1,9 процентке өскені байқалады. Қызмет көрсету саласы да жанданып келеді. Нақты экономикалық секторға құйылатын қаржы көлемі артуда. Кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанның өзінде, инвестициялар 15 процентке жуық өскен.

Жалпы, негізгі капиталға 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды. Еліміздің транзиттік әлеуеті де өсті. Қазақстан арқылы өтетін контейнерлерік жүк транзитті 35 процентке артқан. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 3,2 млрд тоннаны құраған. Елдің 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Үкіметтің кезекті отырысында баяндалды.

АСҚАР МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

 - Он айдың қорытындысы бойынша, экономиканың нақты секторы өсудің оң қарқынын көрсетіп отыр. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,2%, оның ішінде тамақ өнеркәсібінде – 3,4, фармацевтикада – 39,7, дайын металл бұйымдары өндірісінде – 19,5, машина жасауда – оналты жарым, оның ішінде автомобиль жасауда - 53,6, қағаз бұйымдарын шығару – 15 және жеңіл өнеркәсіпте – 16,4%. Құрылыс көлемі 10,% артты, тұрғын үйді пайдалануға беру – 9,7 пайыз немесе шамамен 10,7 млн шаршы метрге көбейді. Ауыл шаруашылығында 5,2 % орнықты өсім қамтамасыз етілді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: avesta-news.kz


×