Жыл басынан бері Ақтөбе облысына 400 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Жыл басынан бері Ақтөбе облысына 400 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының экономикасына 400 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Олардың 20%-і шетелдік салымшылардың ақшалай салымдары. Жалпы, бүгінде өңірде жүзеге асырылып жатқан 26 инвестициялық жобаның сомасы 140 миллиард теңгеден асады. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ОКҚ өткен брифинг барысында өңір әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс және тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштері де рекордтық деңгейде. Өз сөзінде спикер өңірде қабылданып жатқан барлық шаралар мемлекет басшысының республика халқына Жолдауын іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Тәуелсіздік алғаннан бері  біз облысымыздың келбетін өзгерттік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Батыс Қытай мен Батыс Еуропаны байланыстыратын жолдар салынды. Қазіргі таңда сол жолдар біздің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін берді. Енді қала көшелеріне келетін болсақ, биыл 17 миллиард теңге бөлінді, ал оның 13 млрд.900 млн. теңгесі «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасына бөлінді. Бастапқыда 97 көшені жөндеу жоспарланған болатын, біз жыл соңына дейін 115 көшені жөндеп шықтық.

 

Авторы: Ақзер Сегізбай

Фото: qazweek.kz


×