Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленеді

Қазақстанда жаңа Су кодексі әзірленеді

Елімізде жаңа Су кодексі әзірленеді. Сенатта өткен үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев осылай деп мәлімдеді. Қолданыстағы құжатқа 17 жыл ішінде 60 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде құқық қолдану реттілігінің жоғалуы байқалады. Бұл тұтастай алғанда су шаруашылығының барлық деңгейлерінде жағдайдың нашарлауына әкеледі. Сонымен қатар ведомства басшысы су шаруашылығы құрылыстарын жобалау, салу және пайдаланудың техникалық мәселелері жаңа кодексте реттелетінін атап өтті. Министр елімізде алдағы үш жылда екі шақырымнан астам суару желісін жаңғырту жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ, бірқатар өңірде жаңа су қоймаларын салу көзделген.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ6 ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

 - Бұдан басқа, 9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 миллиард текше метр болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Оларды іске асыру үшін 115 миллиард теңге қажет. Оның дерегінше, су қоймаларын салу 70 елді мекен үшін су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға, 394 мың гектар жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге және ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға жағдай жасайды.

Бұл шаралардың нәтижесінде трансшекаралық өзендердің су көлеміне тәуелділікті алып тастауға мүмкіндік туады. Атап айтсақ, Қырғызстаннан 30%, Өзбекстан  25%, ал Ресей  15проценттік тәуелділіктен арылады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: baigenews.kz


×