ҚР АШМ: Қазақстан 860 мың тоннадан астам астық пен ұн экспорттады

ҚР АШМ: Қазақстан 860 мың тоннадан астам астық пен ұн экспорттады

Қазақстан қазан айында 860 мың тоннадан астам астық пен ұн экспорттады. Бұл туралы республиканың ауыл шаруашылығы министрілігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бидай мен ұнның басым бөлігін Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстан елдері сатып алды. Арпаның барлық көлемі дәстүрлі түрде Иранға экспортталған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ағымдағы жылы қазақстандық диқандар жоғары сапалы дәнді дақыл өнімін жинағанын атап өткен болатын. Сонымен қатар, еліміздің ауыл шаруашылығы министрілігінің басшысы Қазақстанның астық пен ұнды сату мәселелеріндегі экспорттық стратегиясы коронавирус пандемиясына қарамастан өзгерістерге ұшырамайтынын мәлімдеген.

 

Фото: zakon.kz


×