2023 жылы Алматы облысы еліміздің қантқа деген сұранысының 70% қамтамасыз етеді

2023 жылы Алматы облысы еліміздің қантқа деген сұранысының 70% қамтамасыз етеді

Алматы облысы аграрлық-индустриялық бағытты дамытып келеді. Елдегі ауылшаруашылық өнімділігінің 17 проценттен астамы осы өңірдің үлесіне тиесілі. Бүгінде өндіріс ошақтарының қуатын арттыру үшін шикізатттық база кеңейтілуде.

Мәселен, 2025 жылға дейін ет өндірісін 500 мың тоннаға, сүт өндірісін 900 мың тоннаға дейін жеткізу межеленген. Ал 2023 жылы облыс еліміздің ақ қантқа деген сұранысының 70% қамтамасыз етуге қауқарлы болмақ. Жетісу өлкесінде қант қызылшасының алқабы соңғы 6 жылда 14 есеге артып, 16 мың гектарға жетті. Одан 550 мың тонна өнім алып, 50 мың тонна ақ қант өндіру жоспарланып отыр. 

Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін облыстың шаруа қожалықтарына субсидия беріліп, Франция, Германия, Дания елдерінен әкелінген жоғары өнімділікті тұқым берілді. Озық үлгідегі техникамен жабдықталып жатыр, деп мәлім етті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 - Өткен кезеңмен салыстырғанда экспорт көлемі 1,3 есе өсіп, 93 миллион АҚШ долларын құрады. Жыл қорытындысы бойынша, ауыл шаруашылығының Жалпы ішкі өнімі 900 миллиард теңгегеден асып, 2,2 проценттік өсімді көрсетеді деп күтілуде. Ал еңбек өнімділігі 2,5 миллион теңгеге дейін жетеді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: delo.ua


×