ӘМСҚ: Пандемиямен күрес шараларына 154 млрд теңге бағытталды

ӘМСҚ: Пандемиямен күрес шараларына 154 млрд теңге бағытталды

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның алдын алу және емдеу шараларына 154 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды. Наурыз айынан бері оның 135 млрд теңге көлеміндегі сомасы игерілді. Шығындардың басым бөлігі медицина саласы қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақы төлеуге жұмсалған.

Сондай-ақ, провизорлық және карантиндік стационардағы емдеу шараларына қомақты қаражат қаралды. Онда пандемия басталғалы 240 мыңнан астам адамға медициналық көмек көрсетілген. Осы кезеңде 72 мың пациент инфекциялық ауруханаларда ем-дом алған. Стационардың үйдегі жағдайда көрсететін медициналық қызметтерін өтеуге 9 миллион теңге бөлінді.

Еске салсақ, өкпесінің 30 проценттен аспайтын бөлігі зақымдалған науқастар үйлерінде емделеді. Шілде айынан бері елімізде мобильді бригадалар жұмысы жолға қойылған болатын. Бұл қызметке жалпы сомасы 1 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталды.  

Бұдан бөлек, ПТР диагностикасын жүргізуге 19 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалды.

 

Фото: elorda.info


×