Пандемияға байланысты шектеулер Қазақстанның сыртқы сауда көрсеткішіне әсер етті

Пандемияға байланысты шектеулер Қазақстанның сыртқы сауда көрсеткішіне әсер етті

Карантин кезінде елімізде шет елдермен сауда-саттық көрсеткіші қандай болды? Сарапшылардың пікірінше, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Қазақстанның жалпы тауар айналымы 55 млрд доллардан асып түскен. Бұл ретте сауда-саттықтың көп үлесі Еуроодақ, Ресей және Қытай нарығына  тиесілі.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, сыртқы сауда үлесінің төмендеуіне әлемдегі шектеу шаралары әсер еткен. Салдарынан Қазақстан негізгі тауар тобы болып саналатын – минералды шикізатты жеткізуді 16,8%-ке қысқартуға мәжбүр болды

Дегенмен автомобиль бензинін оң динамика сатуда байқалады. Жанар-жағармайды сату көлемі 100 процент шамасында өскен. Бұдан бөлек, тракторлар сату, ұн саудасы да артқан.

Бүгінде отандық өнімге Қытай, Италия және Нидерланды елдерінен сұраныс көп. Аспан асты мемлекеті биыл 8 айда 5,2 млрд доллар болатын қазақстандық өнімді импорттаған. Ал Италия  болса бізден 5 млрд долларға жуық өнім сатып алыпты.

Біздің өнімдер импортының басым бөлігі мұнай және мұнай өнімдері болып келеді.  Қазақстандық қара алтынға сұраныс әсіресе  Нидерланды   тарапынан жоғары болды. Еуропа мемлекеті біздің елден 2,4 миллиард долларға өнім импорттаған.

 

Фото: inform.kz


×