ЖЭО-2 газға 2025 жылы ауыстырылады

Алматыдағы 2-ші  Жылу электр орталығы газға 2025 жылы ауыстырылады. Бұл жөнінде бейнеконференция арқылы өткен қоғамдық тыңдауда белгілі болды. Оған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеген «ҚазЭнергоөнеркәсіптік ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ, тапсырыс берген «АлЭС» АҚ мен Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының өкілдері қатысты. Қоғамдық тыңдауда орталық қайта жаңғыртылғаннан кейін қоршаған ортаға тигізер әсері қалай болады деген мәселені  талқылады. 

МАКСИМ ВАСИЛЬЕВ, «ҚАЗЭНЕРГОӨНЕРКӘСІПТІК ҒЗЖИ» АҚ БАС ИНЖЕНЕРІ:

 - Біз іс-қимыл ережелерін нақтыладық. Осы айдың басында   ұсыныстарға түзетулер енгіземіз. Жобаның жалпы  құны бекітіліп, техникалық-экономикалық негіздемесі кешенді сараптамаға жіберіледі.Сол жерде экологиялық сараптама да өткізіледі.

2-ші жылу электр орталығы Алматы тұрғындарының 50 % астамын  және заңды тұлғалардың 36% жылумен қамтамасыз етіп отырған ірі жылу кешені болып есептеледі.  Алайда, одан жылына 123 мың тонна зиянды қалдықтар атмосфераға тарайды. Қаладағы  ауаны ластау бойынша екінші жылу электр орталығының үлесі  27 процентке дейін жетеді

ГАЗИ ИСМУХАМБЕТОВ, «АЛМАТЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ» АҚ БАС ИНЖЕНЕРІ:

 - Біз енді көмірдің орнына көгілдір отын жағамыз. Сондықтан өзіндік құны өсетіні сөссіз. Қазір тариф пен жобаны қаржыландыру бойынша «Самұрық-Қазына» қоры, Үкімет пен  Алматы қаласы әкімдігі Еуропалық Даму және қайта құру банкімен келіссөздер жүргізіп  жатыр. Егер  бұл жүйе толық жасалып болса  ғана біз нақты құнын айта аламыз. Бірақ тариф бәрібір өседі.

«Орталықты газға ауыстырған кезде ауаға тарайтын зиянды қалдықтар 6 есеге дейін азайады»,- дейді мамандар. Ал жылу электр орталығының  8  қазандығын газға алмастыру жұмысы 2023 жылы басталып, 2025 жылы аяқталуы тиіс.

 

Фото: inform.kz


×