Экономика және бизнес
Елбасы – Тұңғыш Президент қоры коронавируспен күреске 200 млн теңге бөледі

Елбасы – Тұңғыш Президент қоры елімізде коронавирус инфекциясының таралуымен күресуге 200 млн теңге бөледі. Қаржы бірдей көлемде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне бөлінеді.
Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге сыйақы төлеуге, қосымша маскалар мен дезинфекциялау құралдарын сатып алуға жұмсалмақ.
Сондай-ақ бөлінген қаржы балалар үйлері мен мамандандырылған ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады. Қаржы жағдайды жіті бақылап отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша аударылады.
Фото: 24.kz