Экономика және бизнес
Омск қаласында Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумы өтеді
Қазақстан мен Ресей шикізат емес экспортты дамыту бағытында бірлесіп әрекет етпек. Өзара сауда айналымында осы сегменттің үлесін арттыру – әріптестік қарым-қатынастың басымдықты бағыттарының бірі.
6 қарашада Омск қаласында өтетін XVI Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында осы мәселе талқыланбақ. Қос тарап сарапшылары агроөнеркәсіп секторын, жоғарытехнологиялық өндірістерді дамыта отырып, логистикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану жайын сөз етпек.
Сондай-ақ форумға қатысушылар туризм және білім беру саласындағы қызмет көрсету экономикасын дамыту, инвестициялық жобалар мен бірлескен өндірістерді іске қосу мәселелерін де қарамақ.
Авторы: Әсел Күшенғалиева
Фото: dep-economy44.ru