Президент Жолдауы Германияның іскер топтары арасында қолдау тапты
Қазақстан Президентінің Жолдауы Германияның іскер топтары арасында қолдау тапты. Шағын бизнесті 3 жылға салықтан босату – оң шешім. «Либералды орта бизнес» бірлестігінің жетекшісі Кристиан Гросс осылай дейді. Оның айтуынша, Германияда 3,6 млн фирма тіркелген. Ал шағын және орта бизнес секторы – ел экономикасының қозғаушы күші. Сондықтан бизнесті қолдау ел экономикасын нығайтады,- дейді сарапшы.
КРИСТИАН ГРОССЕ, «ЛИБЕРАЛДЫ ОРТА БИЗНЕС» БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
- Салықтан босату – бизнесті қолдаудың өте маңызды құралы. Кәсіпкерлер түскен пайданы өз компанияларына қайтадан инвестиция ретінде сала алады. Сондай-ақ олар білікті мамандарды жұмысқа алып, өз кәсіптерін кеңейте алады. Мен Қазақстанда қарапайым заттар экономикасы саласында жұмыс істейтін компаниялардың саны артатынына сенімдімін.
Фото: Хабар 24