Жамбыл облысында 8 инвестициялық жоба іске асырылуда
Жамбыл облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша биыл 8 жоба жүзеге асырылады. Осы мақсатта 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Ең ірі жобалардың бірі – ветеринариялық вакциналарды шығару зауытының құрылысы. Айта кетейік, екінші бесжылдықтың аясында облыста 42 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. 2 жыл ішінде мемлекеттік бағдарлама аясында 23 жоба іске асқан. Қалған 19-ы 2025 жылға дейін іске қосылады. Сонымен қатар олардың біразы ағымдағы жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі.
БАҚЫТЖАН ӘБЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ИИД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
- Жоспар бойынша Тараз қаласында 4 жоба жылдың соңына дейін уақтылы іске асатын болса, 500-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Ал қалған жобалар Қордай, Меркі, Мойынқұм, Байзақ аудандарында іске асырылатын болады.