ЕАДБ Қазақстан экономикасына 1 млрд. доллар инвестиция салады

ЕАДБ Қазақстан экономикасына 1 млрд. доллар инвестиция салады

Еуразияның даму банкісі Қазақстан Республикасының экономикасына 2016 жылдың соңына дейін 1 млрд. доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр. Айта кететін жайт, бұл қаржы ҚазТрансГазАймақ компаниясының Ақтөбе және Маңғыстау облысындағы халықты газбен қамтамасыз ету жобасына кетеді. Жалпы жобаға бөлініп отырған қаржының ауқымы 128,2 млн. долларға тең. Қарыз 10 жылға беріліп отыр.

 

Арман АХУНБАЕВ, ЕАДБ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ САРАПТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Біз Алматыдағы айналмалы жолдың құрылысын бастап кетуді жоспарлап отырмыз. Бұл Қазақстанның инвестициялар мен даму жөніндегі министрлігінің жобасы. Рұқсат етілген жобалардың арасында Өскемен қаласындағы көлікбөлшектерін шығаратын  заутының құрылысы бар. Тау-кен саласындағы жобалардың саны да жетерлік. Кәсіпорындардағы қуатты тұтыну көлемін төмендету жобасы да бар. Сондай-ақ, муниципалды және көлік саласының 8 жобасы талқылану үстінде.

 

ЕАДБ-ның инвестициялық портфельіндегі қазақстандық жобалардың үлесі 40 пайызды  құрап отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, банк алдағы уақытта аталған үлесті арттыра береді. Көрсеткіштің өсіміне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік әсер етеді.

 

Арман АХУНБАЕВ, ЕАДБ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ САРАПТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Болашақта бұл жоспар, елдің инвестициялық тартымдылығы мен инфрақұрылымының дамуына әсер етеді. Дамушы елдердің арасында Қазақстанның экономикасы жылдам дамып жатқандардың қатарына жатқызылған. Жылда елдің инфрақұрылым саласы 10 пайызға артып жатыр. Мемлекеттік-жекемпеншік әріптестіктің артқан уақытында аталған көрсеткіш одан да жоғары болады.

 

Еуразиялық даму банкісі 2006 жылы құрылған, қаржы компаниясы. Банк құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан кіріп отыр. Ұымның жарғылық капиталы 7 млрд. долларды құрап отыр. 2016 жылдың басына шаққанда банктің инвестициялық портфельі 2,2 млрд. долларға бағаланды. 6 мемлекетте банк 62 жобаны жүзеге асырып келеді. 

 

 

 

Сурет: sadoitojikon.com


×