ЕАДБ Қазақстан экономикасына $1 млрд инвестиция салады

ЕАДБ Қазақстан экономикасына $1 млрд инвестиция салады

Еуразиялық даму банкісі 2016 жылдың соңына дейін Қазақстан экономикасына $1 млрд инвестиция салуды жоспарлап отыр, - деп хабарлады Kapital.kz. Қаржының дені көлік-логистикалық, инфрақұрылымдық жобаларға салынады. Инвестицияның негізгі бөлігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің арқасында түседі. Қазір ЕАДБ тау-кен және  металлургия салаларының жобаларын мақұлдап алды. Қаржының ауқымы $100 млн, несие 10 жылға беріледі. 2016 жылы банк көлік және муниципалды құны $600 млн болатын 8 жобасын қарасытырып жатыр. 2015 жылғы желтоқсанның 29-ына шаққанда ЕАДБ-ның Қазақстандағы инвестициясы жалпы портфельдің 39,4% құрады. 

 

Сурет: prostoinvesticii.com


×